сейсенбі, 2 шілде 2024
Денсаулық 293 03.12.2023 16:21

Түркістанда жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды

Түркістан облысында жоғалып кеткен 4 жасар Бақыт Айбардың денесі табылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

4 жасар бүлдіршіннің денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылды.

“Үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде 3 желтоқсан күні түстен кейін 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, ал мәйіттен зорлық-зомбылық пен қандай да өлім белгілері табылмады. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда”, – делінген құзырлы орган таратқан хабарламада.