бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 26 05.12.2023 13:45

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова кино түсірді

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова кино түсірді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

“Аспандағы жұлдыз. Тілек ағашы” атты фильм продюсер ретінде танылған Мөлдір Мұқанова кино түсірді.

“Тағы бір арманым орындалып, тағы бір мақсатым айқындала түсті. Өмірдегі басты миссиям – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Өзімнің 5 балама қарап отырып, қазіргі өсіп келе жатқан балалардан да патриот, ана тілін қадірлейтін азаматтарды көргім келеді. Асхат Садырбайға берген сұхбатымда тілге қатысты айтылған әңгімемнің бір үзіндісі көпшілікке тарап, қазағымның тіл жанашырларына ой салған еді.
Ол жай айтыла салған сөз емес, расымен мені тіл тазалығына, ұлтыма деген махаббатым осы киноны түсіруіме қанат бітірді. Балаларымыздың ютубқа байланып қалғаны жасырын емес, “ютуб қарама, орысша контент қарама, қазақша сөйле деп” баламызға қысым жасай беру – шешім емес, қазақша контент жасауға атсалысуымыз керек. Тамшыдай болса да септігім болсын деп өнерлі оқушыларымен тәрбиелік мәні бар кино түсірдім. Презентациясын кинотеатрда жасап, өзіміз Канн фестивалінен кем болмадық”, – дейді продюсер.