бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 54 06.12.2023 12:2

Актер Бекжан Тұрыс досы Асқар Наймантаев туралы жазба жариялады

Бекжан Тұрыс театр әртісі, әріптесі Асқар Наймантаевтың өлімі туралы айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы kaskelen.kz тілшісіне сілтеп.

Бекжан Тұрыс өнер мен өмірдегі досы әоі әріптасі, марқұм Асқар Наймантаевтың ақтық сағаттарында жанында болған айтты. Ол желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады.

“Сатиралық мұраларың “Алтын қорда” ғана сақталып қалуға тиіс құрдасым-ау, сенен осылай айырылып қалам деп ойладым ба…
“Кластасым” деп қағытып, “құрдасым” деп қалжыңдап жүретін Асекең – Асқар Наймантаев өзінің әлеуметтік желідегі әрбір жазбасына кейде тіпті қатысым болмаса да мені ілмектеп белгілей беретін. Құдайдың кұдіретін-ай, өмірінің соңғы күндерінде қасында болуды жазды. “Әй, Асқар, сен ештеңені уайымдама. “Бекжан тәуіп” деген Бауыржан аға Қаптағаев қойған атым бар, өзің жақсы білесің. Көресің осыдан, жазам сені. Әлі-ақ еске алып айтып отырамыз осы күндерді”, — дегеніме мәз болып күлген едің. Денсаулығыңа араша түсудің қамына кірісіп, дәрігерлермен де келісіп, жанашыр жанның арқасында алғашқы қажетке жаратар қаржыны да тауып қойғанда бақиға бет бұрып кете бердің, құрдасым-оу… Күйікке толы күрсініс, өзек толы өкініш, өкпеде өксік, қабырғам сөгіліп, жаным езіліп тұр…”, – деп жазды актер.