бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 265 08.12.2023 11:38

Гүлзира Айдарбекова үлкен келіні Жұлдыздың қайда тұрып жатқанын айтты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова үлкен келінің қайда тұратынын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Өнер иесі жақында Түркиядан оралды. Ол парақшасына махаббатқа толы видео жүктеген. Алайда онда Қайрат пен Жұлдыздың өзі де, балалары да бой көрсетпеген. Оқырмандардың осы сауалына продюсер жауап берді.

“Шақырғанбыз, сабақтарынан босай алмады. Оларды күте алмай жолға шығып кеттік. Ортаншы ұлдың ұл-қызы мектепке бармағасын түсірдік. Жұлдыз пәтерін сатып, коттедж алған жоқ па?!. Біткен жоқ әлі, бітсе кірер. Оны неге уайымдап отырсыз? Далада жүрген жоқ қой, әкелері ай сайын миллион теңге төлеп отыр бітпеген пәтеріне. Жағдайлары жасаулы, ақшасын аяп жатқан жоқ, отбасы қалай жүріп-тұрса да”, - деп жауап берді Гүлзира Айдарбекова.