сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 8 22.12.2022 15:42

Еліміздегі ең көп таралған фамилиялар тізімі жарияланды

Фото: stopfake.kz

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметі бойынша, Ахметов - Қазақстандағы ең танымал фамилия, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

«Қазақстанда ең көп тараған фамилия – Ахметов (а). Оны 66 091 адам қолданады», - деп хабарлады бейсенбі күні бюрода.

Рейтингтің екінші орнында Серік деген фамилия орналасқан. Оны 45 193 адам қолданады. Үшінші орындағы Омаров тегімен 40 322 адам тұрады. Төртіншіде – Оспанов, 36142 адам. Бесіншіде – Әлиев, 35 387 адам.

Одан әрі таралу жағынан Ким – 34 811 адам, Сүлейменов – 29 988 адам, Марат – 28 008 адам, Амангелді – 27 297 адам, Болат – 24 542 адам.

Еске салайық, биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 715 782 адамды құрайды.