сейсенбі, 2 шілде 2024
Денсаулық 20 09.12.2023 10:2

Шығыс Қазақстанда алты айлық сәби қызылшадан көз жұмды

Шығыс Қазақстанда қызылша жұқтырған алты айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Астана телеарнасына сілтеп.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сәби қызылшаның асқынған түрімен ауырғанын мәлімдеп отыр. Сәбиде пневмония түріндегі асқыну болғаны анықталған. Өкінішке қарай, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.

Жыл басынан бері бір Шығыс Қазақстан облысында қызылшаны жұқтырудың 121 жағдай тіркеліп отыр.

"Өкінішке қарай қазіргі уақытта қызылшамен ауырып жатқандардың қасында болған адамдардың екпе алудан бас тарту фактілері бар. Бұл тенденция қызылшамен ауырғандар арасында да байқалады, олардың 90,6 пайызы екпе алмаған. Бүгінгі таңда 18 жасқа дейінгі балаларға екпе салу жұмысын жандандыру қажет", - дейді ШҚО СЭБД басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.