бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 38 15.12.2023 10:51

Әнші Кенжебек Нұрдолдайдың әйелі оның тоқал алуға бекінгенін айтады

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай үйленді деген ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Дегенмен әнші тойдың бәрі жай ғана түсірілім екенін айтты. 

“Көреміз” бағдарламасында әншінің бірінші әйелі Жәмилә Тоқанова күйеуі Кенжебектің оны ұрғанын және 1 айлық баламен далаға қуып шыққанын айтты.

Оның мәліметінше, бұдан бірнеше ай бұрын тағы бір қыз Кенжебектен жүкті екенін айтып, хат жазған.

Жәмилә Тоқанованың айтуынша, Кенжебек Нұрдолдай үйленгеннен кейін “тоқал аламын” деп шыққан. Ол мұны жәй әзіл деп қабылдаған.

Алайда әнші шынымен де сүйгенін алуға бекініпті.