сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 22.12.2022 17:25

Тоқаев Төле би кесенесіне зиярат етті

Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкент қаласында орналасқан Төле би кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды teznews.kz Ақорда-ға сілтеме жасап.

Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды. Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.