сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 26 18.12.2023 10:46

Америкалық спортшы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шыққысы келмейтінін айтты

Америкалық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығудан бас тартты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Атақты америкалық файтер Колби Ковингтон (17-4) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жекке шығудан бас тартқан.

Сұхбат барысында Колби Ковингтонға 29 жастағы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығу туралы сұрақ қойылған болатын. Америкалық спортшы өз қарсыласы ретінде өзгені көретінін айтты. 

“Түк мағынасы жоқ. Томпсон қарсыласым болғанын қалаймын, бұл әлдеқайда маңызды жекпе-жек, үлкен атау. Бұл UFC үшін жақсы бизнес болар еді”, – деді ол.

Ал спортшы Леон Эдвардс (22-3-0-1) Белал Мұхаммедке (23-32-0-1) қарағанда Шавкат Рахмоновтың мықты қарсылас екенін айтты.