сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 5 18.12.2023 13:49

АҚШ президентінің кортежіне белгісіз көлік соғылған

АҚШ-та үлкен жылдамдықпен келе жатқан автокөлік Джо Байденнің кортежіндегі көліктердің біріне соғылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы NUR.KZ-ке сілтеп.

Оқиға болған сәтте президент Байден әйелімен бірге демократтардың сайлауалды штабы кеңсесінен шыққан.

АҚШ президентінің баспасөз пулы ақпараты бойынша, Джо Байден әйелі Джилл Байденмен сайлауалды штабынан шығып бара жатқан кезде белгісіз автокөлік президент кортежінің жол талғамайтын көлігіне соғылған.

Оқиға АҚШ-тың Делавэр штатында орналасқан Уилмингтон қаласында болыпты. Журналистердің ақпараты бойынша,

 "Қатты соққы естілді, бұл ретте АҚШ президенті көліктің жанында аң-таң болып тұрды", – дейді журналистер.