сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 14 18.12.2023 14:1

Риддерде пакетке оралған нәрестенің денесі табылды

Риддерде қоқыс жәшігінен кішкентай нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Сәби полиэтилен пакетіне оралған күйінде табылған.

Қостанай облысының полиция департаменті 17 желтоқсан күні түскі уақытта Корчагина көшесіндегі үйлердің бірінің жанынан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғанын хабарлады.

“Аталған факті бойынша Рудный қалалық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы “Анасы жаңа туған нәрестесін өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”, – деді өңірдің полиция департаменті.