сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 7 18.12.2023 13:2

Астанада бас шыршаның шамы жағылды

Желтоқсанның 17-сі күні Астанада бас шыршаның шамы жағылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Елордада салтанатты түрде бас шыршаны жағу іс-шарасы өтті.

Атаулы іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысқан. Астана қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша, шыршаның биіктігі – 25 метр. Ол жеңіл сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндамен және т.б. безендірілген. Ал шыршаның басында қар ұшқыны пішінінде жасалған жарық құралы орнатылды, биіктігі – 2 метр.