сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 23 18.12.2023 16:26

Қостанайда жол апатынан 2 адам мертікті

Қостанайды жол апатынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

17 желтоқсан күні сағат 20:20 шамасында Қостанай – Сарыкөл тас жолында Тобыл қаласынан 10 шақырым жерде Nissan көлігінің 61 жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, Lada Granta көлігімен бетпе-бет соғысты.

Жол апаты салдарынан Nissan жолаушысы мен Lada Granta жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Жүргізушілер түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, - деді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі