сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 191 18.12.2023 17:33

Қордай асуында қатты аяздан адамдардың қайтыс болғаны рас па?

Әлеуметтік желіде Қордай асуында адамдар қатты аяз салдарынан үсіп, тіпті көз жұмды деген хабарлама тараған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Тіпті әлеуметтік желіде ақпаратқа қатысты түрлі фото және видео материалдар желдей есті.

Желіде тараған апқаратқа қатысты Жамбыл облысы полиция департаменті түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желіде Қордай асуында адамдар аязды ауа райы салдарынан қатып, көз жұмды, көптеген отбасы қар басқан тасжолда қаза тапты деген хабарлама пайда болды, тіпті дүниеден озған адамдардың тізімі жарияланды деген ақпарат, фото және видеолар таралуда. Бұл тізімде бораннан құтқарылып, қамқорлық көрсету мақсатында мектепке жеткізілген адамдардың да жеке деректері бар", – деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. Полицейлердің айтуынша, бүгінгі таңда ауа райының күрт нашарлауына байланысты қабылданған төтенше жағдай кезінде ешбір адам көз жұмбаған. "Ал дүниеден озған адамдардың денесі бар табыттардың фотосына келер болсақ, олар облысымыздан жерлеу мақсатында транзит арқылы тасымалданғанын хабарлаймыз", – деді ведомство өкілдері.