сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 12 19.12.2023 10:39

Алматыда жер сілкінісі сезілді

19 желтоқсанда Алматыда сағат 7:44 те жер сілкінісі тіркелгені айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

ТЖМ "Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық станциялар желісінің баспасөз қызметі жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 347 км Қытай аумағында орналасқанын хабарлады.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.6., MPV магнитудасы 6.0. Эпицентрдің координаттары 40.16°с.ш. 77.84° в.д.", - делінген хабарламада.

Алматы қаласында 2 балдық жер сілкінісі сезілген.