сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 21 19.12.2023 11:2

“Қазақфильм” -де бюджеттен бөлінген қаражат жымқырылған

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамында бюджеттен бөлінген 400 миллион теңге жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Алматы қаласының прокуратурасы "Қазақфильм" акционерлік қоғамында қаражаттың жымқырылғанын тексеріс жүргізу барысында анықтаған. 

"Ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, фильмді түсіруге бағытталған 400 миллион теңгеден астам қаражатты жымқыру фактісі анықталды", – делінген хабарламада.