сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 314 19.12.2023 12:25

Жол апатынан 2 оқушы мен мұғалім қайтыс болды

Ақтөбеде жол апатынан екі оқушы мен мұғалім қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

19 желтоқсан күні Самара-Шымкент тас жолының Қызылжар ауылының маңында жол-көлік апаты орын алып, қаза тапқандар бар.

Ақтөбе облысының білім басқармасының мәліметінше, жол апатынан екі оқушы мен бір мұғалім көз жұмған.

Оқушылар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алған.

Оқиғаның қалған мәліметтері ақпарат болған кезде қосымша хабарланады, - делінген департамент мәліметінде.