сейсенбі, 2 шілде 2024
Жаңалықтар 13 19.12.2023 12:32

Өнер иесі Нұрлан Өнербаев экс-президент жайлы ойын айтты

Өнер иесі Нұрлан Өнербаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кештерін жүргізгенін "Білген дұрыс" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы NUR.KZ-ке сілтеп.

Назарбаев жайлы естелігін бөліскен өнер иесі:

"Мен ол кісінің кештерінде өнерпаз ретінде болдым. Өнерімді бағалады. Ол кезде мемлекеттік шараларды жүргізу, президенттер қатысатын кештердің бәріне көбіне мен қатысып жүрдім. Мені шақыратын. Тіпті концертпен алыста жүрсем де, тауып алып, шақыртатын. Туған күндерін, мерейтойларын жүргіздім. Бас тартпаймын. Жанында жүрдім", - деді өнер иесі.
"Әрине, менің де көзқарасым бар. Менің де көңілім толмайтын тұстар бар. Отбасына қатысты жұрт айтып жүрген әңгіменің жүз пайызы болмаса да, 80-90 пайызы рас екеніне менің де көзім жетеді. Сол ортада жүргенде, кеш басқарып жүргенде менің көңілім адал болды. Сол кісілердің, сол ортаның ел мүддесі үшін жұмыс істеп жүргеніне сендім. Өйткені, менде басқа мәліметі болған жоқ. Бәрі қазір ашылып жатыр ғой.