сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 17 19.12.2023 15:26

Қырғызстан президенті туды өзгерту турлы пікірталаста Назарбаевтың шешімдеріне тоқталды

Қырғызстан президенті мемлекеттік рәмізді өзгерту барысында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мысалға келтірді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Мемлекеттік туды өзгерту туралы пікірталаста көршілес Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Астана қаласын" құру туралы шешімін мысалға келтірді.

«Қазақстан президенті 30 жыл ел басқарды. Алматыдан Елордаға көшірерде, парламентпен осы мәселені талқылады.  Бұған депутаттар қарсы болып: «Ақмолаға көшу деген нені білдіреді», «Айдала» деп қарсы пікір білдірді. Сонда Назарбаев мінбеге шығып: «Халқым, менде бір ой бар. Бүгін менің туған күнім, бір рет мақұлдаңыздар» деді. Сосын Қазақстан парламенті мақұлдап, 90-95 пайызы қолдады», - деді Жапаров.