сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 33 19.12.2023 17:44

Астанада 18 жастағы жігіт жоғалды

Астана тұрғыны Қарағандыға жолға шыққаннан кейін жоғалып кетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

"Байқоңыр" ауданы ПД-не елорда тұрғыны жүгініп, жалға алынған Chevrolet Cobalt маркалы автокөлікпен үйден жеке тасымалдаумен айналысуға кеткен 18 жастағы ұлының байланыссыз жоғалғанын айтқан.

Бұл туралы Астана қалалық полициясы Instagram-да хабарлады. 18 жастағы жігітті іздеуге Астана қаласы ПД жеке құрамы мен еріктілер жұмылдырылған.

"Адамдардың жаппай шоғырлану орындары, жатақханалар мен қонақ үйлер тексерілуде, хабар-ошарсыз кеткен адамның араласатын ортасы орнатылуда, бейнебақылау камералары қаралуда. Тексеру барысында оның Астана қаласынан Қарағанды қаласына шығып, Алматы облысына келгені анықталды", - делінген хабарламада.