сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 65 20.12.2023 9:11

Айжұлдыз Адайбекова арықтау жолын айтты

Әнші, дизайнер Айжұлдыз Адайбекова артық салмақтан қалай арылғанымен бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Айжұлдыз Адайбекова Instagram әлеуметтік желісінде оқырман сауалына жауап берді. Өнер иесі екі айда 6 келі салмақтан арылғанын айтты.

"Театр алдында жауапкершілік болды. Мен әрдайым сымбатты қалпымды сақтауым керек. Аз, бірақ сапалы тамақтануым керек. Газды сусынды азайтып, орнына таза суды көбірек тұтындым. Ағзаны толық тексеруден өткізіп, қажетті дәрумендер іштім. Екі ай ішінде 6 келі салмақ тастадым. Спортты ұнатпаймын. Бірақ қажет болғандықтан, спортпен айналысамын деп шештім", - деп жазды өнер иесі.