сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 75 20.12.2023 9:49

Әнші Балжан Бидаш анасына 600 мың теңгеге қандай сыйлық алғанын айтты

Әнші Балжан Бидаш желіде анасына ақ тілегін жолдап, оны туған күнімен қалай құттықтады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Өнер иесі анасына аса бағалы сыйлық сыйлады. Ол инстаграм желісінде анасына сыйлық таңдап жүрген видеосын салған. Әнші таңдау жасаған соң, гүл шоғын алып бірден анасына барған.

 "Анашым 100 жасаңыз. Қандай жетістігім болсын осы ата-анамның қолдауының арқасы. Тәрбие, білім, ақыл, еркіндік, таңдау бергендеріңізге рахмет! Тек ата-анаға қарыз болайық. Армандарыңызға жетіп, аналарыңызды қуанта беріңіздер. Бірақ оларға біздің бір телефон соғып көңіл бөлгеніміз де жеткілікті болуы мүмкін. Жұғысты болсын сүйікті оқырмандарым", - деп жазды Балжан.

Өнер иесі өз анасына бағалы брендтен 600 мың теңгеге аяқ-киім алып берді.