сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 23.12.2022 11:24

Қаңтар оқиғасында азаптау дерегі бойынша үш жүзден астам қылмыстық іс қозғалған

kt.kz

Бас прокуратура қаңтар оқиғасынан кейін азаптау дерегі бойынша 327 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады teznews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

«Қаңтарда азаптау дерегі бойынша 327 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның ішінде 31 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, біз - арнайы прокурорлар бірнеше істі аяқтадық. Олар сотқа жолданды», - деді Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров.

 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында ыстық үтікпен азаптау дерегі бойынша 25 адам жәбірленуші, 5 полицей күдікті ретінде танылғаны хабарланған болатын.