сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 16 20.12.2023 12:16

Қызылордада 18 жастағы бойжеткен жоғалды

Қызылорда қаласында 18 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қызылорда қаласының 18 жастағы тұрғыны Айтөреева Дариға Рауанқызы 17 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

Қазір Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салды.

Қыз баланың ерекше белгілері: бойы: 1,50 - 1,55 см, орта денелі, көзі қоңыр түсті, шашы қара түсті. Киімдері: қоңыр түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғына қоңыр түсті аяқ киім киген. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуызды сұраймыз, - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.