сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 7 20.12.2023 14:16

Қостанайда бірнеше үй жылусыз қалды

Қостанайда Аэропорт шағын ауданындағы Герасимова көшесіндегі №4 тұрғын үйдің жанында жылу құбырлары жарылғаны анықталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Жарылу салдарынан бірқатар нысандар мен тұрғын үйлер жылусыз қалған. Жергілікті “КТЭК” МКҚК-ның хабарлауынша, апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан мекеме аудандағы жылуды өшіруге мәжбүр.

“Жөндеу жұмыстары 20 желтоқсанда өтеді. 42 көпқабатты тұрғын үйде, №29 орта мектепте және халықаралық әуежай ғимараттарында жылу сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін сөндіріледі”, – делінген хабарламада.