сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 8 20.12.2023 16:19

Шавкат Рахмоновты жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды

UFC 296 турнирінде жеңіске жеткен Шавкат Рахмоновты жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

17 желтоқсан күні Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Леон Эдвардс пен Колби Ковингтон жұдырықтасты.

Дәл осы салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (18-0) америкалық спортшы Стивен Томпсонмен (17-7-1) екінші раундта жыққан еді.

Ал бүгін чемпион Шавкат Рахмонов пен оның бапкерлік штабы Қазақстанға оралды.

Оларды Алматы әуежайында журналистер, туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері күтіп алды.