сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 61 20.12.2023 17:37

Әлемдік әнші Akon-ға шапан жапқан Динара Сәтжан сынның астына қалды

Әлемдік әнші Akon Қазақстанға келіп, Астана қаласында жеке концертін өткізді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші елге келгенінде Динара Сәтжанның авторлық бағдарламасында қонақ болды. Журналист қонаққа шапан жапты.

Салт-дәстүрді бұзбай әлемдік өнер жұлдызына шапан жаптық. Отандық өнімді сыйлағанды жөн көрдік. Сыйлықтың ұнағаны сонша, концертіне киіп шығатын болды. Сонымен қатар жалғыз Akon-ға ғана емес, оның командасындағы жігіттерге де шапан кигіздік. Сұхбатқа келісіп берген ұйымдастырушыларға рақмет, – деп жазды журналист.

Дегенмен көзқарақты көрермен журналисті сынап тастады.

“Біздің қазақ жағымпазданудан алдына жан салмайды. Өзіміздің қаншама жігіттеріміз бар ел алдына шығарып, шапан жабатын. Оларды ешкім елеп жатқан жоқ”, - десті.