сейсенбі, 2 шілде 2024
Жаңалықтар 70 21.12.2023 9:29

Әнші Зарина Омарова қандай марапатқа ие болды?

Әнші Зарина Омарова жаңа марапатқа ие болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қуанышты жаңалығымен әнші Омарова Instagram парақшасында бөлісті. Көпшілік назарына марапаттау салтанатынан видео ұсынып, төсбелгісі мен құжатын арнайы көрсетті.

Өнер иесі қоғам дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" атағына ие болып отыр.

"Маңызды марапат пен лайықты құрмет әрбір өнер адамын қанаттандырып, ерекше шабыт сыйлайтыны сөзсіз. Дәл осындай шаттыққа толы сәтімді қымбатты оқырман өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдім. Қоғам дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" төсбелгісін иелендім. Құттықтап қойсаңыздар, қуанып қаламын", - деп жазды әнші.