сейсенбі, 2 шілде 2024
Жаңалықтар 87 21.12.2023 10:35

Жігер Ауыпбаев емделу үшін үйін сатқан

Әнші Жігер Ауыпбаев денсаулығының нашарлауына байланысты ота жасатқанын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші бала кезінде ауыр дертке шалдығып, ота жасатқан. Ал ата-анасы баласын емдету үшін үйін сатқанын айтты.

“6-сынып оқып жүрген кезім болуы керек. Сол кезде өлім ауызынан қалдым. Ота жасалды. Сол кезде өзі қиын кезең еді. Теңге ауысып, анам мен әкем жұмыстан қысқарған. Қырсыққанда мен де ауырып қалдым. Ауыр диагноз. Мені ауруханаға жеткізеді. Сол кезде бас дәрігер мен хирург “Мына баланы өлтіріп аласың. Жоқ, жоқ” деп әңгімелесуде. Мен ұйықтап кетіп, қайта оянам. 6-7 айдай ауруханада жаттым.

Сыртта не боп жатқанын білмейсің. Үйді сағындым. “Ертең шығасың” дегенде, “Бүгін шыға берсем бола ма?” деймін. “Ата-анаңа ескертіп қойдың ба?” дейді. Мен “Иә” дей саламын. Өзім шыдамсызданып, үстімдегі жұқа киіммен үйге жүгіремін ғой. Ауруханадан түрмеден қашқандай қаштым. Есікті қағып, “ана-әке” деп кіріп келсем, басқа адамдар тұрып жатыр. Жүгіріп әжемнің үйіне барамын. Сөйтсем, менің дәрілеріме ақша керек болып, үйді сатып жіберіпті. Содан бастап “Мен үшін үйді сатты. Енді ата-анама үй әперем” деген мотивация пайда болды”, – деді Жігер Ауыпбаев.