сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 8 21.12.2023 11:11

Қоқыс тастағаны үшін айыппұл мөлшері көбеймек

Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі елімізде қоқыс тыйым салынған жерге тасталғаны үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың мәліметінше, Қазақстанда қоқыс тыйым салынған жерге тасталғаны үшін жауапкершілікті күшейту жоспарлануда.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тыйым салынған жерге қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшерін жоғарылатуды көздейтін түзетулер әзірленді, мысалы, жеке тұлғаға құқық бұзушылық жасалған жағдайда – 50 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін (172,5 мыңнан 345 мың теңгеге дейін – ред.) айыппұл салынады, ал шағын кәсіпкерлік субъекттер, я болмаса коммерциялық емес ұйымдар құқық бұзушылық жасаса, оларға – 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін (345 мыңнан 695 мың теңгеге дейін – ред.) айыппұл салынады", – деді ол.