бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 5 29.11.2022 22:0

Теларнаның тікелей эфирінде түкірген депутатқа қандай шара қолданғаны белгілі болды

Фото: видеодан алынған кадр

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ішкім істер министрлігінің Polisia.kz Telegram арнасы хабарлауынша, мемлекеттік телеарна эфирінде тележүргізуші мен депутат Екібастұз қаласындағы жағдайды талқылаған. Сол кезде шенеунік сөйлеп тұрып, жерге түкірген.

Саировтың бұл әрекеті әлеуметтік желіде наразылық тудырды.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоны зерттеп, нәтижесінде шенеунікке айыппұл салынғанын мәлімдеді. Сомасы 15 315 теңге көлемінде болады.

«Жалпы пайдалану орындарының ластану фактісі бойынша осы азаматқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды» делінген хабарламада.