сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 23.12.2022 11:58

Аққуды аяусыз өлтірген азамат ұсталды

Bugin.kz

Іnstagram-дағы парақшалардың бірінде балық аулауға келіп, айырмен аққуды түйреп алған видеодағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды teznews.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасындағы мәліметке сай, Қызылорда облысының полиция департаменті жедел түрде тексеру жұмыстарын жүргізді. Оқиға осы күнге дейін полиция департаменті бойынша тіркелмеген.

«Бейнежазба Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Полиция бөлімімен «Ақпаратты есепке алу кітабына» тіркелді. Нәтижесінде бейнежазбадағы 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында, аталған оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріш каналының жағасында орын алып, бейнежазбаға түсірілгендігі анықталды» делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысына қарай оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, түпкілікті шешім шығарылады.