сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 6 21.12.2023 13:29

Фариза мен Дина Төреәлілер жүктілік кезіндегі суреттерін жариялады

Жұлдыздың қос қарындасы Фариза мен Дина Төреләі жаңа суреттер жариялап, көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Фариза мен Дина Төреәлі Instagram желісінде аяғы ауыр кезінде анасымен жасаған фотосессиясын жариялады. 

"Динаның бала күннен бері маған айтатын бір арманы бар еді. "Екеуміз бірдей бір уақытта бала сүйсек екен" дейтін. Алла қалап ниетіне нәсіп етті, соны еске түсіріп таң қалудамыз. Анамыз сияқты батыр ана, дана әйел болуды нәсіп етсін. Ата-ананың қадірін расында өзің ата-ана болғанда түсінетінің рас екен. Олар үшін көп жақсылық жасайық, көп дұға етейік. Ананың балаға жасаған дұғасы қабыл демекші, анамның шын тілегі қабыл болды. Аллахым барша ұрпақ тілеп жүрген жандарға айтарым, үміттеріңізді үзбеңіздер - Алланың мейірімі шексіз. Ана болу бақытын, әрбір қызға тіледік", - деп жазды Фариза Төреәлі.