сейсенбі, 2 шілде 2024
Жаңалықтар 31 21.12.2023 14:27

Айнұр Тұрсынбаева эфир кезінде қалай ұятқа қалғанын айтты

Айтыс сахнасының жұлдызы болған Айнұр Тұрсынбаева қызық оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Айнұр Тұрсынбаева алғаш эфир кезінде ұятқа қалғанын айтқан болатын.

“Кімнің көңілі көтерілсін десеңіз, соған жіберіңіз! Эфир кезінде талай қызық болды ғой, ұят та болса бір масқара болғанымды мен де айтайыншы…
Бір таңғы эфирге ұйқым қанбай барғанмын, жүргізуші “дүниені жақсы көресіз бе?” деп сұрақ қойды… Жүргізушінің өзін састырайын деген болуым керек, “сіз дүниеқоңыз деген сөздің мағынасын білесіз бе” деп айтамын деп, “сіз осы осырақ қоңызды білесіз бе” деппін…

Тікелей эфирде айтқанмын ғой тағы… Жүргізушінің шок болған түрі әлі көз алдымда. Жердің тесігін таппай, сөйлей алмай отырып қалғаным есімде әйтеуір…”, – деп жазды айтыскер.