бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 82 21.12.2023 15:19

Қазақстандық актерлер бір-біріне жұдырық ала жүгірді

Қазақстандық кино актерлерінің мейрамханадағы шотты төлеуге асыққан видеосы көпті тәнті етті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

 Instagram желісінде жүктелген видеода актер Санжар Мәди, Берік Айтжанов, Асан Мәжіт және Жайдарбек Күнғожинов бар. Отандық актерлар мейрамханада отырған кезде шотты төлеу үшін таласып қалған.

Әзіл ретінде түсірілген видеода дауласып, бір-біріне жұдырық ала жүгірген әртістердің шотын аңыз актер Асанәлі Әшімов келіп төлеп тастаған.

Әртістер бұл видеоны Қытайдың Хайнань аралдарында демалып жатқанда түсірген.