бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 11 21.12.2023 17:19

Ақтөбеде зейнеткердің атынан несие алған алаяқ ұсталды

Ақтөбеде зейнеткерлердің атынан қаражат алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ақтөбеде ер адам зейнеткердің атына тауарлық несие рәсімдеген.

Полиция ақпаратынша, 30 жастағы ер адам 65 жастағы танысының үйіне барып, ипотека құжаттарын рәсімдейтінін айтып, телефоны арқылы екінші деңгейлі банктің қосымшасына кірген екен. Ол солай электроника дүкенінен оның атына тауарлық несие рәсімдеген.

Атап айтқанда, күдікті зейнеткердің атына 439 мың теңге тұратын iPhone 13 телефонына тапсырыс берген.