бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 141 22.12.2023 10:5

Әнші Тамара Асар бір аптада қалай тұрмысқа шыққанын айтты

Қазақ эстрадасының әншісі Тамара Асар күйеуіне ессіз ғашық болғанын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бірнеше жыл бұрын екінші рет тұрмыс құрған әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында бір апта ішінде күйеуге қалай шыққанын айтты.

"Екі түрлі адам ғана осылай тұрмысқа шығады. Біреуі, басы істемейтін адам. Екіншісі, ессіз ғашық болған адам. Мен - екіншісімін. Солай болды. Мен Қазақстанды айналып жүрген адаммын. Балам бар, Тамара Асар деген атым бар. Бірақ жаныма келіп, сенімді түрде "Саған үйленем" деген адам болмады. Танысқанымызға 2 минут өткен жоқ "Осы кісіге үйленем" деді. Құлағым елең ете қалды. Сол сөздің артынан еріп кете бердім. Бірақ аптадан кейін үйленем деп келді. Сонымен үйленіп кеттік", - деді әнші.