бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 25 22.12.2023 11:6

Шымкентте 70-тен асқан қос ғашық шаңырақ көтерді

Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әжей шаңырақ көтеріп, заңды некеге тұрды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Otyrar.kz-ке сілтеп.

Шым қалада қос қария шаңырақ көтерді. Махаббат жасқа қарамайды деген ғашықтар қазір ұзақ өмір сүру орталығында тұрады.

72 жастағы Найля Нұриева ұзақ өмір сүру орталығында өз теңін тапты. Оларға орталықтан жеке бөлме де берілген.

“Біз 2 ай кездесіп жүрдік. Кейін ол маған сөз салды, мен иә дедім. Некемізді де заңды түрде тіркедік. Мұнда біз бірге тұрамыз, тіпті бізге жеке бөлме де берілді. Бәріне алғыс айтамын. Бізде бәрі жақсы, бәрі бар”, – дейді Найля Нұриева.