бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 35 22.12.2023 11:11

Қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло тағы да спорттан шеттетілді

Қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло спорттан тағы да 8 жылға қол үзді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Спортшы допингке қарсы ережелерді қайта бұзған. Оның қан құрамынан «Метандиенон» стероид табылып отыр.

Зілтемірші Зүлфия осымен екінші рет ереже бұзды.

Еске сала кетейік ол допинг үшін 7 жыл бұрын шеттетілген болатын. WADA 2012 жылғы Лондон олимпиадасының нәтижелерін қайта тексерген кезде Чиншанлоның допинг қолданғанын анықтады.