сейсенбі, 2 шілде 2024
Жаңалықтар 191 22.12.2023 12:46

Маржан Арапбаева күйеуі туралы сырын айтты

Әнші Маржан Арапбаева отбасылық өмірі жайлы сыр шертті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші алғаш рет жолдасымен  қарым-қатынасы туралы айтты.

Өнер иесінің сөзінше, күйеуі оның қарбалас жұмысына түсіністікпен қарайды.

Маржан Арапбаева "1001 түн" бағдарламасында күйеуі жайлы ашыла сұхбат берген болатын.

"Өнер адамы болғасын, үнемі сапарда жүреміз. Жолдасым үнемі қолдап, гастрольдерге өзі дайындап шығарып салады. "Шақырған жерден қалмауға тырыс, бар" деп айтып отырады. Осы бағдарламаға келерде де сәл кешігіп қала жаздадым. Алайда күйеуім сабырға шақырып, үлгеретінімзді айтты. "Бару керек, көрермендерден ұят болады" деді. Ақыры айтқанындай уақытылы келдік. Қазір мені көлікте күтіп отыр", – дейді әнші.