бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 54 22.12.2023 16:53

Абайда 5 жасар бала мұзға құлап кетті

Абай облысында мұз астына түсіп кеткен 5 жасар баланы іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Polisia.kz Telegram арнасында мұзға түсіп кеткен баланың іздестіріліп жатқаны хабарланды.

Ведомство ақпаратынша, 22 желтоқсан күні 12:54-те Үржар полиция бөлімінің "102" арнасына учаскелік полиция инспекторының хабарламасы келіп түскен.

"5 жасар екі бала ауылдың шетінде орналасқан Қарақол өзенінде толық қатпаған мұз үстінде ойнаған. Мұз жарылып, балалардың бірі мұздың астына түсіп кеткен", - делінген хабарламада.