бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 81 22.12.2023 17:37

Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері өзгереді

2024 жылы елімізде айлық есептік көрсеткіші өзгермек, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш пен төменгі күнкөріс шегінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы тағайындалғандар сәйкесінше көбірек қаражат алатын болады.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгені құрамақ.

Ал ең төменгі күнкөріс шегі енді 43 407теңгеге жетеді. Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге болады.