бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 24 22.12.2023 21:5

Алматыда автобус жүргіншілерді қағып, 3 адам қайтыс болды

Алматыда жүргізуші жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қалалық полиция департаменті №7 аурухана маңында болған оқиғаның барысын айтты.

"Алматы қалалық полиция департаменті, бүгін, 2023 жылғы 22 желтоқсанда 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - "ДуманТрансКом" ЖШС) жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрғанын, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Бақылаудан шыққан көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті. Одан соң төрт көлікпен соқтығысқан.

Өкінішке орай, оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қазір қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалған.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатқаны айтылады.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам зардап шекті. Үшеуі жедел медициналық көмек келгенге дейін қаза болды. Үш ересек адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы диагноздары қойылды, бір науқаста сол жақ жамбасы сынған. Төртінші жәбірленуші, 15 жастағы бала №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды, диагнозы: сол аяқ сүйектерінің сынуы. Барлық зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек, оның ішінде психологиялық көмек көрсетіледі", - деліген басқарма хабарында.