бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 44 23.12.2023 12:20

Шымкентте жаңа туған сәбидің денесі табылды

Шымкентте жаңа туған сәби өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Нұрсәт шағынауданындағы үйдің бірінде нәресте өлі күйінде табылды.

Шымкентте 21 желтоқсанда Қаратау аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына жаңа туған нәресте өлі күйінде табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Қылмыстық-кодекстің 100-бабы бойынша (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері нәрестенің анасын іздестіруде.