бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 5 25.12.2023 10:30

Голливуд актеры Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін құттықтады

Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін киіктердің көбеюімен құттықтады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Голливуд жұлдызы киіктер Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміндегі "жойылып кету қаупі төнген жануарлар" санатынан "қатерлі жағдайға жақын" санатына ауысқанын айтты.

"Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталуын көрсетеді. 2005 жылы бұл түрдің саны небәрі 48 000 болды, ал қазір ол жабайы табиғатта 1,9 миллионнан асатын көрсеткішке жетті. Браконьерлікке қарсы күрес бастамаларына, құқықтық тәртіпті нығайтуға және жаңа қорғалатын аумақтарды құруға қомақты қаражат салған Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Олардың табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастығы – бірлескен күш-жігердің арқасында қол жеткізілген табиғатты қорғау ісіндегі шынайы табыстың жарқын мысалы", - деп жазды Ди Каприоның Instagram-дағы ресми профилінде.