сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 7 23.12.2022 12:52

Атырауда жол апатынан бір адам қаза тапты

Фото: ҚазАқпарат

Атырауда екі көлік соқтығысып, жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы кеше, 22 желтоқсанда болған.

«Атырау қаласындағы З.Қабдолов көшесінің бойында Chevrolet Cobalt пен Lexus көліктері соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы Chevrolet Cobalt көлігін жүргізген жүргізушінің кінәсінен болған. Ол жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Соның салдарынан Сhevrolet Cobalt көлігінде отырған 50 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол апатына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, биылғы жыл басынан бері облыс аумағында 326 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Жол апатынан 391 адам жарақат алған, 89 жолаушы көз жұмған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырау облысында жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 89 адам мерт болған.