бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 27 25.12.2023 13:53

Алматыда белгілі спортшы жоғалып кетті

Бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Серік Нұрқазов із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

“Қоғам” жедел әрекет ету жасағының өкілдері әлеуметтік желіде Алматыда әйгілі спортшы Серік Нұрқазов жоғалып кеткені туралы ақпаратты жариялады.

Спортшы 14 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның басында сұр қалпақ, үстінде капюшоны бар көк күрте, ақ жемпір, қара джинсы болды. Нұрқазовтың шашы ақ және сақалы бар екені айтылады.