бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 25 25.12.2023 16:18

“Біртүрлі” шырша көпті таңқалдырды

Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңа Бұқтырма ауылында орнатылған шырша көптің сынына қалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Желіде Шығыс Қазақстанда қойылған мерекелік шыршаның суреттері тарап жатыр. Бұл туралы YK-news.kz басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, қолда бар нәрседен құрастырылған жаңа жылдық шырша әлеуметтік желі қолданушыларын жай қалдырмады.

Жаңа Бұқтырма ауылы әкімдігі өкілдері жаңажылдық шыршаны безендіру аяқталғанша күтуді сұрап, мерекелік безендіруге бюджеттен ақша бөлінбегенін атап өтті.

"Безендіру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Безендіруге бюджеттен қаражат бөлінбеген. Көмек көрсетіп жатқан демеушілерге рахмет. Шыршаны безендіру, гирляндалар қою, шырша астындағы кеңістікті безендіру жоспарлануда", - деп хабарлады әкімдік.