бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 146 25.12.2023 17:51

Марқұм Салтанат Нүкенованың адвокаты іске қатысты пікір білдірді

Салтанат Нүкенованың отбасылық адвокаты алғаш рет оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қазақстандық адвокат Жанна Уразбахова алғаш рет көпшілік алдында пікір білдірді. Ол атышулы іс туралы Facebook парақшасында жазды.

Адвокаттың мәлімдеуінше, Салтанат Нүкенова қайтыс болғаннан бері әріптесі Игорь Вранцев екеуі де бұл іске қатысты пікір білдірмеген.

"Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура өкілдері брифингте журналистерге ақпарат берді, біз бұл туралы түсінік бермедік. Сондай-ақ алғашқы күннен-ақ кейбір блогерлер мен журналистер тарапынан көптеген қауесеттер, болжамдар мен нұсқаларға да ештеңе демедік. Салтанатты еске алып, осы лас тірліктің бәріне мән бермейміз. Бірақ маңызды деп санайтыным, ешқандай татуласу болмаған және болмайды да. Бұл - Нүкеновтер отбасының ұстанымы", – дейді ол.