бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 115 26.12.2023 10:1

Ресей Президенті Путин Бақытжан Сағынтаевтың жаңа қызметке тағайындалғанын айтты

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Сағынтаевтың жаңа қызметі туралы РФ Президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте мәлімдеді.

Бақытжан Сағынтаев енді Еуразиялық экономикалық комиссияны басқарады.

"2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алқа басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтаймын – біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін. Ол сондай-ақ Қазақстан президентінің әкімшілігінде істеді, үкімет төрағасы, Қазақстанның премьер-министрі болды", - деді Ресей президенті Путин..